«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 396 қаулысымен бекітілген) (2018.26.11. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қостанай облысы әкімдігінің

2015 жылғы 21 қыркүйектегі

№ 396 қаулысымен бекітілген

 

Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 16 Қаулысымен күші жойылды

 

 «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2018.26.11. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар, облыстың ЖИТС-тың профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы (Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - «АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтарды және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11145 болып тіркелген) сәйкес адамның иммун тапшылығы вирусына антиденелерді зерттеу туралы анықтама-сертификат.

Анықтама-сертификат оны берген сәттен бастап 3 (үш) ай бойы жарамды.

Зерттеп-қарау нәтижесі теріс болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті алушының қолына беріледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.