2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № С-25/2 шешімі
(2023.24.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнiң 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2023.18.01. № С-27/2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2023.09.06. № С-4/2 шешімімен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.29.08. № С-5/2 шешімімен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.24.11. № С-8/2 шешімімен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 59 621 824,6 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 44 064 624,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 288 288,4 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 899 541,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 13 369 370,6 мың теңге;
2) шығындар - 66 340 309,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 144 655,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 72 450,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 217 108,9 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо -0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 6 573 826,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 6 573 826,1 мың теңге.
2. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52 бабының 1 тармағына сәйкес кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерінде белгіленді:
1) облыстық бюджетке төлем көзінен ұсталатын табыстан жеке табыс салығы бойынша - 100%;
2) Көкшетау қаласының бюджетіне әлеуметтік салық бойынша - 100%;