(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӨЗІНІҢ ҚАРАМАҒЫНДАҒЫ ЗАҢДЫ ТҰЛҒА МӘРТЕБЕСIНДЕГI РЕС...

Өзінің қарамағындағы заңды тұлға мәртебесiндегi республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшерiн бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 2 қазандағы № 232 бұйрығы

 

Осы редакция 2025 ж. 15 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ережесінің 15-тармағы 496) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі ұсынатын қызметтер үшін тарифтер мөлшерлері;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі ұсынатын қызметтер үшін тарифтер мөлшерлері;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Батыс Алтай» мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі ұсынатын қызметтер үшін тарифтер мөлшерлері;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қорғалжын» мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі ұсынатын қызметтер үшін тарифтер мөлшерлері;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.