«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Армения Республикасына мұнай өнімдерін беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 11 маусымдағы № 127-VII Заңы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Армения Республикасына мұнай өнімдерін беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы

 

2020 жылғы 16 шілдеде Нұр-Сұлтанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Армения Республикасына мұнай өнімдерін беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім ратификациялансын.

 

 

Қазақстан Республикасының

          Президенті

 

         Қ. ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 11 маусым

                   № 127-VII