Осы редакция 2019 жылғы 4 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 501 бұйрығына
1-қосымша
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.26.05. № 442 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2016.26.05. берілген өзгерістермен)
«Жер асты су объектілерінің сартылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларына арналған рұқсатты келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. Жалпы ережелер
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.26.05. № 442 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.26.05. № 442 бұйрығымен 2-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - 15 (он бес) жұмыс күні;
2) күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты 30 (отыз) минутты құрайды;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қызметті көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты 15 (он бес) минутты құрайды.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу.