«Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 тамыздағы № 756 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ережеде:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Министрліктің кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады. Егер Министрлікке заңдармен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.»;
14-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.»;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті тануға сұранысын қалыптастырады;»;
мынадай мазмұндағы 37-1), 37-2) және 37-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«37-1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;