«Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау» ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 480 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1346 бұйрығы

 «Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау» ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 480 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1346 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау» ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 480 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16878 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау» ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. ІАҚ жұмысының тиімділігін бағалау:

ІАҚ жүргізетін бағалау;

ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін бағалау (бұдан әрі – уәкілетті органның бағалауы).

Мемлекеттік орган екінші жартыжылдықта қайта ұйымдастырылған, не құрылған жағдайда, осы мемлекеттік органда құрылған Ішкі аудит қызметі бағалауға жатпайды.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. ІАҚ жүргізетін бағалауын аудиторлық іс-шара жүргізуге аудиторлық тапсырмалар (бұдан әрі – аудиторлық тапсырма) негізінде ІАҚ жұмысын мониторингілеу және ІАҚ мемлекеттік аудиторлары жұмысының тиімділігін жылдық бағалау арқылы жыл сайын ІАҚ басшысы не оны ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.»;

9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын;

«9. ІАҚ мемлекеттік аудиторлары жұмысының тиімділігін жылдық бағалауы:»;

17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Уәкілетті орган жүргізетін бағалау мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:

жыл қорытындылары бойынша камералдық тәртіппен (бұдан әрі – камералдық тәртіппен бағалау);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.