Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 8 маусымдағы № 376 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 170 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарында:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. 2300 «Негізгі құралдар» кіші бөлімі негізгі құралдарды есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттарды қамтиды:
2310 - «Жер» бюджеттен бөлінетін қаражаттың есебінен сатып алынған жердің кез-келген түрін, ормандарды, ішкі сулар мен пайдалы қазбалардың кен орындарын есепке алуға арналған;
2320 - «Ғимараттар» тұрақты негізде салынған, ұстап тұратын және қоршап тұратын немесе біріктірілген (ұстап тұратын және қоршап тұратын) конструкциялардан тұратын объектілер түріндегі бөлек тұрған ғимараттарды, объектінің функционалдық мақсатына қарай адамдар немесе жануарлар тұруға, заттарды сақтауға арналған объектілерді есепке алуға арналған.
Осы шот мынадай қосалқы шоттарды қамтиды:
2321 - «Тұрғын емес ғимараттар», мұнда басқару органдары, әлеуметтік-мәдени (оқу орындарының, ауруханалардың, емханалардың және амбулаториялардың, қариялар мен мүгедектігі бар адамдар арналған үйлердің, балалар мекемелерінің, кітапханалардың, клубтардың, мұражайлардың, ғылыми-зерттеу институттарының, шеберханалардың ғимараттары) және басқа да мемлекеттік мекемелер орналасқан өндірістік-шаруашылық мақсаттағы ғимараттар есепке алынады;
2322 - «Тұрғын үй ғимараттары», мұнда толығымен немесе көбіне тұрғын үй мақсатындағы ғимараттар есепке алынады (тұрғын үй-жайлардың жалпы пайдалы алаңы барлық пайдалы тұрғын және тұрғын емес алаңдардың кемінде елу пайыз алады);