Электр берудің әуе желілерінің тіректерін орналастыру үшін жер учаскелерінің көлемін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 671 бұйрығы
(2025.06.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2024.23.12. № 483 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 317) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Электр берудің әуе желілерінің тіректерін орналастыру үшін жер учаскелерінің көлемін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электрэнергетикасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.