«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2023 жылғы 18 тамыздағы№ 205/НҚ бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 294/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 205/НҚ бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) регламенті:
мынадай мазмұндағы 33-7, 33-8, 33-9 және 33-10-тармақтармен толықтырылсын:
«33-7. Ведомстволық бағынысты ұйым өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен директордың бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.