Банктік салымның кепілі шартын жасасу қағидаларын және көмірсутектер саласындағы банктік салым кепіл шартының үлгілік нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 232 бұйрығы
(2026.14.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Энергетика министрінің 2026.03.08. № 296-н/қ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 14 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 57-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Банктік салымның кепіл шартын жасасу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Көмірсутектерді барлау салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын банктік салым кепіл шартының үлгілік нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Көмірсутектерді өндіру салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын банктік салым кепіл шартының үлгілік нысаны;
4) ҚР Энергетика министрінің 2026.03.08. № 296-н/қ бұйрығымен алып тасталды (2026 ж. 14 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Н. Ногаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі