«Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығы (2025.21.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығы

(2025.21.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024.22.07. № 168 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 5 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жолдаманың үлгілік нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жолдаманы беру қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023.18.04. № 127 бұйрығымен (2023 ж. 5 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.15.01. № 6 бұйрығымен (2024 ж. 2 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.17.04. № 81 бұйрығыменмен (2024 ж. 3 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрдің

міндетін атқарушы

2015 жылғы 27 ақпандағы

№ 18-03/145 бұйрығына

1-қосымша

 

Үлгілік нысан

(типовая форма)

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.