Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны аңшылық шаруашылығы субъектілеріне беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығы
(2026.17.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі № 220 бұйрығын қараңыз (2027 ж. 16 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026.30.09. № 220 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024.22.07. № 168 бұйрығымен (2024 ж. 5 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.30.09. № 220 бұйрығымен (2026 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 219) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026.30.09. № 220 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектілеріне арналған жолдаманың үлгілік нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектілеріне жолдаманы беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;