ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіру,
қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) Арнаулы операциялар күштері - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнаулы операцияларын жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндеттерді орындауға арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнаулы мақсаттағы бір бөлігі;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) әскери өкілдің аппараты - халықаралық ұйымда және шет мемлекеттің әскери ынтымақтастық органында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мүдделерін білдіретін әскери қызметшілер болып саналатын, өз қызметін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде жүзеге асыратын әскери өкіл, оның орынбасарлары мен көмекшілері;»;
2) 3-баптың тақырыбы мен бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Осы Заңның қағидаттары
Осы Заңның қағидаттары:»;
3) 7-баптың бірінші бөлігінің 24-3) тармақшасы алып тасталсын;
4) 22-баптың 2-тармағында:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қарулы Күштер түрлерінің, Арнаулы операциялар күштерінің, әскер тектерінің, арнаулы әскерлердің жедел мақсаты мен міндеттерін, олардың басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің қарулы күштерімен өзара іс-қимыл жасауда қолданылуын айқындайды;»;
25) тармақша «аппараты» деген сөзден кейін «мен әскери өкілдер аппараты» деген сөздермен толықтырылсын;
26-21) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
26-29) және 26-30) тармақшалар алып тасталсын;
5) 23-2-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«23-2-бап. Әскери атташелер мен әскери өкілдер аппараттары»;
1-тармақтағы «аппараты» деген сөз «мен әскери өкілдер аппараттары» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Егер Қазақстан Республикасының өзге заңдарында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарының ережелері әскери өкілдер аппаратында әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге қолданылады.».
2. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) 1-бапта:
17) тармақшадағы «Қарулы» деген сөз «егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, Қарулы» деген сөздермен ауыстырылсын;
26-1) және 26-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«26-1) бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтинг) - цифрлық кадр жүйесі арқылы қалыптастырылған, әскери қызметшінің (Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органының әскери қызметшісін қоспағанда) кәсіби құзыретіне, сондай-ақ әскери лауазым үшін негізгі көрсеткіштерге және кәсіби жетістіктері туралы объективті деректерге (өлшемшарттарға) негізделген кәсіби әлеуетінің қалыптасқан сандық мәні;
26-2) дағдарыстық ахуал кезіндегі жиындар - дағдарыстық ахуалды оқшаулауға және жоюға қатысу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілермен өткізілетін іс-шаралар;»;
мынадай мазмұндағы 26-3) тармақшамен толықтырылсын:
«26-3) далалық төлемдер - әскери қызметшілерге (мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерді, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда) бір тәуліктен астам далалық шығу, теңізге шығу, оқу-жаттығуларға немесе кемелердің жорықтарына қатысу кезеңінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын төлемдер;»;
34) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
40) тармақшадағы «адамдардың» деген сөз «Қазақстан Республикасы азаматтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 5-баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің төртінші абзацында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
4) 15-баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларындағы «адамдарды» деген сөз «Қазақстан Республикасының азаматтарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 20-баптың ескертпелерінде:
1-тармақтың үшінші абзацында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2-тармақта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
6) 21-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әскери қызметшілерді бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингті) қолданып жасақтау, әскери лауазымдарға тағайындау, орнын ауыстыру, әскери лауазымдарынан босату, мемлекеттік, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарындағы қызметке ауыстыру және қызметтен шығару Әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Әскери қызметшінің кәсіби құзыретін, негізгі көрсеткіштерін айқындаудың және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингті) есептеп шығарудың тәртібі мен әдістерін уәкілетті органның бірінші басшысы бекітеді.
Тізбесін уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен лауазымдарға тағайындалатын әскери қызметшілерге және азаматтық персонал адамдарына (жұмыскерлерге) қатысты тексеру уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен психофизиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер қолданылып жүргізіледі.»;
5-тармақта:
5) тармақша «аппаратындағы» деген сөзден кейін «және әскери өкілдер аппаратындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақшадағы «шет мемлекеттің» деген сөздер «шетелдік» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 24-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген офицердің қызмет мерзіміне бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болу кезеңі (кезеңдері) есептелмейді және көрсетілген демалыс аяқталғаннан кейін офицер қызмет өткерілмеген мерзім үшін әскери қызмет өткеруді жалғастырады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген офицердің бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болу уақыты еңбек сіңірген жылдарына есептеледі.»;
8) 26-бапта:
1-тармақ:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды немесе соғыс жағдайын енгізу жағдайларын қоспағанда, еңбек сіңірген жылдары жиырма бес жыл және одан көп болған кезде Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тәртіппен өз қалауы бойынша;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әскери қызметшінің осы Заңның 21-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қарамағында болуы осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген, қызметтен шығару үшін негіздер болған кезде оның қызметтен шығарылуына кедергі болмайды.»;
11-тармақтағы «және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі» деген сөздер алып тасталсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Әскери қызметтен шығарылған Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, бірақ бұйрықпен немесе одан үзінді көшірмемен жазбаша түрде танысқан күннен бастап үш айдан кешіктірмей, қызметтен шығару туралы шешімге сотқа шағым жасауға құқылы.»;
9) 35-баптың 3-тармағының бесінші бөлігіндегі «шет мемлекеттердің» деген сөздер «шетелдік» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 39-бапта:
1-тармақтың төртінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
4-тармақтағы «адам» деген сөз «Қазақстан Республикасының азаматы» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 44-бапта:
1-тармақта:
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери қызметшілерге ақшалай ризық:
1) дәлелсіз себептермен әскери қызметте болмаған кезеңге;
2) осы Заңның 21-бабы 5-тармағының 3), 6), 8) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларда әскери емес лауазымдарда әскери қызмет өткерген кезеңге;
3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 158-бабының бірінші бөлігіне сәйкес лауазымынан уақытша шеттетілген кезеңге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда төленбейді.»;
мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 21-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қарамағында болатын әскери қызметші тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерімен қамтамасыз етіледі.»;
7-тармақтың бірінші бөлігінің 12) тармақшасындағы «кері қайту кезінде тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.» деген сөздер «кері қайту кезінде;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) казармалық жағдайда болу және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысу кезінде тамақтанумен қамтамасыз етіледі.»;
8-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
12) 48-баптың үшінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
13) 49-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілерін төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою, терроризмге қарсы операциялар жүргізу, сондай-ақ төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін міндеттерді орындауға тарту кезінде оларға үш еселенген мөлшерде ақшалай жабдықталым төленеді.»;
14) 50-бапта:
1-тармақтағы «адамдарға» деген сөз «Қазақстан Республикасының азаматтарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «адамдарға» деген сөз «Қазақстан Республикасының азаматтарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «адамдардың» деген сөз «Қазақстан Республикасы азаматтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөліктегі «адамдар» деген сөз «Қазақстан Республикасының азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «адамдарды» деген сөз «Қазақстан Республикасының азаматтарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «адамдарды», «адамдар» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының азаматтарын», «Қазақстан Республикасының азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
екінші бөлікте:
«20» деген цифрлар «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;
«мөлшерінде» деген сөз «есепке алынып,» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «адамдарға» деген сөз «Қазақстан Республикасының азаматтарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 52-баптың 2-тармағының үшінші абзацында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
16) 53-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы 1-тармақтың бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген тәртіптік жазаны қоспағанда, тәртіптік жазаның қолданылу мерзімі осы жаза қолданылған күннен бастап алты айдан аспауға тиіс.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) кезектен тыс тәуліктік нарядқа қою (бөлімшені күзетуді қамтамасыз ету бойынша нарядқа қоюды қоспағанда).».
3. «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
23-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әскери персонал бергені үшін Қазақстан Республикасына БҰҰ тарапынан бөлінетін қаражат әскери қызметшілерге тікелей төлемдер жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің шотына түседі.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 24 маусым
№ 323-VIII ҚРЗ