«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қаржылық және шаруашылық қызметті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 29 шілдедегі № 399 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 25 қазандағы № 720 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қаржылық және шаруашылық қызметті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 29 шілдедегі № 399 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15598 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінің ақпараттық жүйесінде 2017 жылғы 11 қыркүйекте жарияланды):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қаржылық және шаруашылық қызметті ұйымдастыру қағидаларында:
19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке қаржыландыру жоспарын өзгертуге (арттыруға, азайтуға) өтінімдер ағымдағы айдың жоспарын өзгертпей, ҚР ҚМ ЭҚД-ға тоқсанына бір рет ағымдағы айдың 20-сы күнінен кешіктірмей шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктері құрылымының мынадай кіші сыныптары бойынша ұсынылады:
110 «Жалақы»;
120 «Жұмыс берушілердің жарналары»;
130 «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына жалақы төлеу және жарналарды аудару»;
160 «Басқа да ағымдағы шығындар»;
320 «Жеке тұлғаларға трансферттер».»;
20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: