2. Бюджеттік бағдарламаның басшысы:
бюджеттік бағдарлама паспортының жасалуы, бюджеттік бағдарлама паспортының негізділігі мен толықтығы, бюджеттік бағдарламаға (кіші бағдарламаға) есеп-қисаптардың анықтығы үшін, оның ішінде ақпараттық жүйе арқылы, осы Кодекстің 148-бабы 8-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін мемлекеттік инвестициялық жобалардың енгізілгені;
осы Кодекстің 75-бабының 8-тармағында белгіленген талаптардың сақталуы;
бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз орындалғаны;
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспарларының және жеке қаржыландыру жоспарларының анықтығы, ресімделуінің дұрыстығы және мемлекеттік қазынашылыққа немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға уақтылы ұсынылуы;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларына өзгерістердің уақтылы енгізілуі;
бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) бюджет қаражатын қайта бөлудің негізділігі;
мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторингтің уақтылы жүргізілмегені және оның нәтижелерінің тиісті мемлекеттік органдарға уақтылы ұсынылмағаны және (немесе) жобаларды басқару кезінде оның нәтижелерінің пайдаланылмағаны;
осы Кодексте белгіленген жағдайларда бюджет қаражатын тиісті бюджетке қайтарудың уақтылы қамтамасыз етілмегені;
келесі қаржы жылында қаражатын пайдалануға (толық пайдалануға) рұқсат етілетін бюджеттік бағдарламалардың тізбесін қалыптастыруға негіз болатын ақпараттың анықтығы;
бюджеттік бағдарламаның іске асырылуы туралы есептің анықтығы мен толықтығы;
қарыз шартында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізбеуге алып келген, мемлекеттік сыртқы қарыздың қарыз шартында белгіленген мерзімде игерілмегені не мемлекеттік сыртқы қарызды игеру мерзімінің ұзартылғаны;
мемлекеттік сыртқы қарыз бойынша қаражатты үнемдеу себебінен болған жағдайларды қоспағанда, қарыз шартында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізбеуге алып келген, мемлекеттік сыртқы қарыздың толық және (немесе) ішінара күші жойылғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
3. Бюджет комиссиясының төрағасы комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
4. Бюджет комиссиясы осы Кодекстің 73-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау кезінде:
нормативтік құқықтық актіні әзірлеуші орталық мемлекеттік органның немесе әзірлеуші жергілікті мемлекеттік органның бірінші басшысы қаржыландыру көздері көрсетілген қаржылық-экономикалық есеп-қисаптардың және негіздемелердің толықтығы мен анықтығы, төмен тұрған бюджеттерге тиісті өтеусіз қосымша шығыстар жүктелгені үшін;
Республикалық немесе жергілікті бюджет комиссиясының хатшысы Республикалық немесе жергілікті бюджет комиссиясының қарауына жұмыс органының қаржыландыру көздері көрсетілген қаржылық-экономикалық есеп-қисаптары мен негіздемелері жоқ қорытындыларының немесе төмен тұрған бюджеттерге тиісті өтеусіз қосымша шығыстар жүктеуді көздейтін қорытындылардың шығарылғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
5. Мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның бірінші басшысы:
мемлекеттік органның даму жоспары мазмұнының анықтығы мен толықтығы;
республикалық бюджетте көзделген қаражат шеңберінде жоспарланған мақсаттар мен нысаналы индикаторларға қол жеткізілуі;
мемлекеттік органның даму жоспарының іске асырылуы туралы есептің анықтығы мен толықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
6. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі және тиісті жергілікті мемлекеттік органның бірінші басшысы:
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының анықтығы мен толықтығы;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының іске асырылуы туралы есептің анықтығы мен толықтығы;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары борышы лимитінің сақталмағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
7. Тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшылары:
квазимемлекеттік сектор субъектісінің даму жоспары немесе іс-шаралар жоспары мазмұнының толықтығы және оның уәкілетті органдарға уақтылы ұсынылуы;
ұсынылатын инвестициялық ұсыныстардың және техникалық-экономикалық және (немесе) қаржылық-экономикалық негіздемелердің негізділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
8. Жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау және оларды пайдалану кезінде:
орталық салалық мемлекеттік органның бірінші басшысы ағымдағы, оның ішінде күрделі шығындарды және дамуға арналған шығындарды қаржыландыру әдістемелерінің уақтылы әзірленуі, жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде қабылданған көрсеткіштердің анықтығы мен негізділігі;
тиісті салалардың (аялардың) орталық және жергілікті уәкілетті органдарының басшылары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері жалпы сипаттағы трансферттерді есептеуге ұсынылатын ақпараттың негізділігі, анықтығы;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі жалпы сипаттағы трансферттердің жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заңға және тиісті мәслихаттың шешіміне сәйкес пайдаланылмағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
9. Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер бөлу және оларды пайдалану кезінде:
жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бірінші басшысы төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттердің аударылмағаны;
нысаналы даму трансферттерін аударатын жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің бірінші басшысы тиісті жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларының паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмегені үшін;
мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың бірыңғай ұйымдастырушысы болып табылатын жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің бірінші басшысы конкурстық рәсімдердің уақтылы өткізілмегені үшін;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі және жергілікті бюджеттік бағдар ламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшысы нысаналы трансферттердің бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес пайдаланылмағаны, нәтижелерге, оның ішінде бюджет қаражатын толық пайдалану кезінде қол жеткізілмегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есептің ұсынылмағаны үшін;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі, төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бірінші басшысы нәтижелерге қол жеткізбеуге алып келген, жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттердің игерілмегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
10. Заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді немесе мемлекеттік тапсырманы орындауға бюджет қаражатын алатын заңды тұлғалардың немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшылары:
мемлекеттік органдардың даму жоспарларында, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларында, іс-шаралар жоспарларында, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегияларында және (немесе) тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттарында айқындалған нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілуі;
бюджеттік бағдарламаға (кіші бағдарламаға) есеп-қисаптардың негізділігі мен анықтығы, бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) толық және уақтылы ұсынылуы;
заңды тұлғаларға берілетін трансферттердің пайдаланылуы туралы немесе мемлекеттік тапсырманың орындалуы туралы есептердің негізділігі мен анықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
11. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшысы пилоттық жобаны іске асыру (енгізу) және (немесе) оны басқару жөніндегі міндеттемелердің орындалмағаны немесе толық орындалмағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
12. Жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде тиісті қаржы жылына қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшылары:
бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына уақтылы мониторинг жүргізілмегені;
жобаларды басқару кезінде бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын мониторингтеу нәтижелерінің пайдаланылмағаны;
бюджеттік даму бағдарламаларының паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмегені;
қаржылық-экономикалық негіздемеде көзделген, оның ішінде бөлінген бюджет қаражатын толық пайдалану кезінде бюджеттік инвестициялардың нәтижелеріне қол жеткізілмегені;
дивидендтер (таза кірістің бір бөлігі) төленгеннен кейін квазимемлекеттік сектор субъектісінің иелігінде қалған қаражаттың дивиденд саясатына сәйкес пайдаланылмағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
13. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы:
азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы талаптарының сақталуын;
төлеуге берілетін шот ұсынудың заңдылығы мен негізділігін;
төлеуге берілетін шот пен растайтын құжаттарда көрсетілген деректемелердің және сомалардың анықтығын;
төлемдерді ақша алушылардың пайдасына жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді орындаудың уақтылығы мен толықтығын;
жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлар беруді, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметтерді растаудың анықтығын;
тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың мемлекеттік қазынашылық органына ұсынылуын қамтамасыз етеді және олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
14. Қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектісінің, бас мердігердің бірінші басшысы, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылар:
төлем тапсырмаларын ұсынудың заңдылығы мен негізділігін;
төлем тапсырмаларында көрсетілген деректемелердің анықтығын;
төлемдерді ақша алушының пайдасына жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді орындаудың уақтылығы мен толықтығын;
жасалған операциялардың анықтығын;
төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың мемлекеттік қазынашылық органдарына ұсынылуын қамтамасыз етеді және олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
15. Мемлекеттік кепілдігі бар қарыз бойынша қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі кепілдік берген қарыз бойынша алынған қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшін және қарыз алушы қарыз бойынша борыштық міндеттемелерін орындамаған жағдайда, мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражаттың қайтарылуы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз бойынша қарыз алушы алынған қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны және қарыз алушы қарыз бойынша борыштық міндеттемелерін орындамаған жағдайда, мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражаттың қайтарылуы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
16. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшысы:
ішкі және сыртқы қарыздар мен борыш бойынша ақпараттың толықтығы және оның уәкілетті органдарға уақтылы ұсынылуы;
қарыз шартында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізбеуге алып келген, мемлекет кепілдігімен берілген мемлекеттік емес қарыздың қарыз шартында белгіленген мерзімде игерілмегені не мемлекет кепілдігімен берілген мемлекеттік емес қарызды игеру мерзімінің ұзартылғаны;
мемлекеттік кепілдікпен берілген мемлекеттік емес қарыз бойынша қаражатты үнемдеу себебінен болған жағдайларды қоспағанда, қарыз шартында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізбеуге алып келген, мемлекеттік кепілдікпен берілген мемлекеттік емес қарыздың толық және (немесе) ішінара жойылғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
17. Мемлекеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға айқындалған заңды тұлғалар экономикалық сараптаманың сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
18. Бюджеттік кредит бойынша қарыз алушы мен түпкілікті қарыз алушы:
бюджеттік кредитті нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны;
бюджеттік кредитті өтемегені, уақтылы өтемегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
19. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары тиісті қаржы жылына көзделген бюджет қаражаты шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
20. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, бюджет қаражатын алатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, заңды тұлғалардың бірінші басшылары осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жарияланатын материалдардың, ақпарат пен құжаттардың анықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
42-бап. Нәтижелерді басқару жөніндегі жалпы ережелер
1. Нәтижелерді басқару Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын жоспарлаудан, бюджеттерді жоспарлау мен атқарудан, шығыстарға шолу, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері, мониторинг нәтижелері, нәтижелерді бағалау жүйесі қолданылатын есептілік жасаудан тұрады.
2. Нәтижелерді басқаруды мемлекеттік органдар, уәкілетті органдар бюджетті жоспарлау және атқару кезеңдерінде жүзеге асырады.
1. Шығыстарға шолу - бұл бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауды қамтамасыз ету және оларға басымдық беру сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында және бюджетте, сондай-ақ мемлекеттік органның салалық саясатында жоспарланатын немесе көзделген шығыстарды талдау.
2. Шығыстарға шолу осы Кодексте көзделген жағдайларда және өзге де жағдайларда, оның ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу кезінде тиісті бюджет комиссиясының, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бейінді тұрақты комитеттерінің ұсынысы бойынша және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде жүргізіледі.
3. Шығыстарға шолу жүргізу кезінде мынадай талаптар сақталуға тиіс:
шығыстарға шолудың мақсаты мен тақырыбына сәйкестігі;
шығыстарға шолу жүргізудің негізгі өлшемшарттары (нәтижелері) нақты айқындалуға тиіс;
шығыстарға шолу көлемі (қамту) - құжаттардың, шығыстарды шолуға арналған шығыстардың түрлері айқындалуға тиіс;
шығыстарға шолу деңгейі - шығыстарға шолу үшін мемлекеттік басқару деңгейі және (немесе) деңгейлері, сала (ая) айқындалуға тиіс;
уақытпен шектелуі, кезеңділік.
шығыстарға шолу тақырыбы болған проблемалық мәселелерді шешу жолдары;
бюджет шығыстарының жүргізіліп жатқан салалық саясатқа сәйкестігі;
бюджеттің басымдығы төмен және тиімсіз шығыстарын оңтайландыру мүмкіндіктері (нұсқалары);
жүргізіліп жатқан саясаттың басымдықтарына байланысты бюджет қаражатын басқа немесе жаңа шығыстарға қайта бөлу мүмкіндіктері (нұсқалары) бойынша тұжырымдар мен ұсынымдар қамтылуға тиіс.
шығыстарға стратегиялық шолу;
шығыстарға бюджеттік шолу;
шығыстарға инвестициялық шолу болып бөлінеді.
Шығыстарға стратегиялық шолу:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының шынайылығы, орындылығы, өзектілігі;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында айқындалған мақсаттар мен міндеттердің үйлесімділігі;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары арасында қайталанудың, фрагменттіліктің, қиылысудың және қайшылықтардың болуы (болмауы);
жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатқа сәйкестігі;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттары мақсаттарының және (немесе) нысаналы индикаторларының басымдығы мен шынайылығын айқындау тұрғысынан жүргізіледі.
Шығыстарға бюджеттік шолу:
бюджет шығыстарының тиімділігі, негізділігі, нәтижелілігі және орындылығы;
шығыстарды ықтимал оңтайландыру және (немесе) қайта бөлу;
мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бекітілген даму жоспарының немесе даму жоспары жобасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін бюджет қаражатының жеткіліксіз болуына байланысты сомалардың жинақталған айырмасын одан әрі жоспарлаудың қажеттілігі мен орындылығы тұрғысынан жүргізіледі.
Шығыстарға инвестициялық шолу басталған (жалғасатын) мемлекеттік инвестициялық жобаларды басым қаржыландыру қажеттілігі ескеріле отырып:
мемлекеттік инвестициялық жобалардың қымбаттау, толық қаржыландырылмау, аяқталмау себептерін анықтау және талдау;
мемлекеттік инвестициялық жобаларды мемлекеттік органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары жобасының нысаналы индикаторларымен байланыстыру;
мемлекеттік органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қолданыстағы даму жоспары шеңберінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға әсер еткен факторларды анықтау;
мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау кезінде осы Кодекстің 45 және 46-баптарына сәйкес жүргізілетін мониторинг және нәтижелерді бағалау қорытындыларын қолдану тұрғысынан жүргізіледі.
6. Шығыстарға шолу жүргізудің тақырыбы мен мақсаттарын негізге ала отырып, осы баптың 5-тармағында көрсетілген шығыстарға шолудың бір немесе бірнеше түрі қолданылады.
7. Шығыстарға шолуды оның мақсаты мен тақырыбына қарай мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган, бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізеді.
8. Шығыстарға шолу, оны жүргізу қорытындысы бойынша тұжырымдар мен ұсынымдар Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе жергілікті атқарушы органға және егер осы шолу Қазақстан Республикасы Парламенті Палатасының бейінді тұрақты комитетінің ұсынысы бойынша жүргізілген жағдайда, оған жіберіледі.
9. Шығыстарға шолу жүргізудің қорытындысы бойынша тұжырымдар мен ұсынымдар:
әкімшілік және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қолданылады;
осы Кодекске сәйкес бюджет процесінде қолданылады;
осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.
10. Шығыстарға шолу жүргізу, мақсаттарды, тақырыптарды, объектілерді, өлшемшарттарды, көлемді (қамтуды), деңгейді, уақытпен шектелуін, кезеңділікті айқындау тәртібін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
44-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау
1. Бюджеттік қатынастарда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының сараптамалық-талдамалық қызметін сараптамалық-талдамалық іс-шаралар, сондай-ақ бюджетке алдын ала, ағымдағы және кейінгі бағалау жүргізу түрінде жүзеге асырады.
2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органдар, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органдар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы Кодекстің 86, 87, 90, 91, 95, 96, 119 - 128, 153-баптарына сәйкес сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының, орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының ішкі аудит қызметтері осы Кодекстің мақсаттары үшін тиісті мемлекеттік органда:
бюджет процесінің барлық кезеңінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында консультациялық көмекті жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда бұзушылықтарды жою және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес келтіру үшін консультациялық көмекті жүзеге асырады;
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары ұсынымдарының орындалуын бақылайды, қабылданған шаралар туралы оларды хабардар етеді;
өкілді органдарда республикалық немесе жергілікті бюджеттің жобасын және оның атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау үшін қабылданған шаралар туралы ақпарат дайындайды.
1. Мониторинг - бұл әкімшілік және басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қолданылатын және нәтижелерді бағалауға негіз болып табылатын, белгілі бір салада (аяда) ақпаратты жинау мен талдаудың тұрақты процесі.
2. Мониторингті орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, квазимемлекеттік сектор субъектілері, тиісті саланың (аяның) уәкілетті органдары жүзеге асырады.
3. Мониторинг мынадай салаларда (аяларда) жүргізіледі:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес оның құжаттарын мониторингтеу;
мемлекеттік қаржының жай-күйін мониторингтеу;
бюджетаралық қатынастар саласындағы мониторинг;
қазынашылық мониторинг;
бюджеттік мониторинг;
мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелерін мониторингтеу;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді мониторингтеуді қоса алғанда, мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын мониторингтеу;
бюджеттік кредиттер мониторингі;
байланысты гранттардың пайдаланылуын мониторингтеу.
бюджетті жоспарлау процесінде қолданылады;
қоғамдық кеңестердің отырыстарында, Қазақстан Республикасының Парламентінде және мәслихаттарда бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджет қаражатын бөлу туралы мәселелерді талқылау кезінде талқыланады және республикалық бюджет туралы заң жобасымен және жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасымен бір мезгілде Қазақстан Республикасының Парламентіне және мәслихатқа ұсынылатын құжаттар мен материалдардың құрамына енгізіледі;
тиісті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің құрамына енгізіледі;
осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.
46-бап. Нәтижелерді бағалау жүйесі
1. Нәтижелерді бағалауда мынадай бағалау түрлері:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуын бағалау;
мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау бөлігінде Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы және мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау бөлігінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесіне сәйкес мақсаттарға қол жеткізу бойынша операциялық бағалау;
мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау;
мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін бағалау қамтылады.
2. Нәтижелерді бағалауда міндетті түрде мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтерін жоспарлау мен пайдаланудың нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру және мемлекеттің ресурстарын тиімді бөлу жөніндегі ұсынымдар қамтылады.
3. Нәтижелерді бағалау қорытындылары:
бюджетті жоспарлау процесінде қолданылады;
қоғамдық кеңестердің отырыстарында, Қазақстан Республикасының Парламентінде және мәслихаттарда бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджет қаражатын бөлу туралы мәселелерді талқылау кезінде талқыланады және республикалық бюджет туралы заң жобасымен және жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасымен бір мезгілде Қазақстан Республикасының Парламентіне және мәслихатқа ұсынылатын құжаттар мен материалдардың құрамына енгізіледі;