«Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 42 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 10 маусымдағы № 233 Қаулысы (күші жойылды)

Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 42 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 10 маусымдағы № 233 Қаулысы

 

Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 35 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1-тармағына, «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11184 тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы облысы әкімдігінің «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 42 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5045 тіркелген, 2019 жылдың 11 ақпанында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.