«Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 14 қарашадағы № 917 бұйрығы (2024.12.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 14 қарашадағы № 917 бұйрығы

(2024.12.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Қорғаныс министрінің 2024.18.09. № 1032 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 12 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 5) тармақшасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты алғашқы жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік күзет қызметі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

 

ҚР Қорғаныс министрінің 2024.18.09. № 1032 бұйрығымен тізбе өзгертілді (2024 ж. 12 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрінің

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.