(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЛАЛАРДА ЖӘНЕ МОНОҚАЛАЛАРДА КРЕДИТ БЕРУ/МИКРОКРЕДИ...

«Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары /екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 84 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Микрокредит беру бойынша субсидиялау шартының нысанын бекіту туралы» 2016 жылғы 8 қарашадағы № 470 және «Конкурстық іріктеу және бизнес-инкубаторлар қызметін қолдау қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 30 наурыздағы № 129 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 қазандағы № 87 бұйрығы

 

Осы редакция 2025 жылғы 20 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 84 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 17810 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларында:

2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қағидаларда мынандай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «АШҚҚҚ» АҚ) - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, банк болып табылмайтын заңды тұлға;

2) ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.