Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 30 қыркүйектегі № 494 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 269 «Қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38834 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларында:
20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
21. Қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу барысында сараптама топтарының мүшелері:
1) тапсырыс берушілерден олар сарапшы белгілеген мерзімде ұсынатын қажетті материалдар мен ақпаратты сұратады және алады;
2) осы Қағидалардың 24, 25 және 26-тармақтарында көзделген тәртіппен оларды жою мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, қала құрылысы және техникалық регламенттердің, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттардың тармақтарына, баптарына сілтеме жасай отырып, дәлелді және негізделген ескертулер береді.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларының 1-қосымшасында:
Қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларының 1-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда енгізілсін.