«Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2016 жылғы 25 наурыздағы № 1/105 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 4/583 Қаулысы (күші жойылды)

Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2016 жылғы 25 наурыздағы № 1/105 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 4/583 Қаулысы

 

Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 3/391 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2016 жылғы 25 наурыздағы № 1/105 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1281 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 мамырда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) аталған қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:

3 тармақтың бірінші азатжолы келесі редакцияда мазмұндалсын:

«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме не Стандарттың 9-1 тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.»;

5 тармақтың 6) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

«6) көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруі, рәсімнің нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыға Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан берілетін үзінді хат не Стандарттың 9-1 тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.»;

8 тармақтың бірінші азатжолы келесі редакцияда мазмұндалсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.