«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 236 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 4 ақпандағы № 45 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 236 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 58-1) тармақшамен толықтырылсын:
««Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымының жұмыстарын үйлестіреді және даму жоспарларының орындалуы бойынша мониторинг жүргізеді;»;