«Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 64 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 274 бұйрығы
ҚР Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 164 бұйрығымен 2018 жылғы 29 маусымнан бастап күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 64 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9915 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 12 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
тақырыбы және көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тілінде мәтіні өзгермейді:
«Мұнай операцияларын жүргізу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы»;
«1. Қоса беріліп отырған Мұнай операцияларын жүргізу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесі бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай операцияларын жүргізу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;