Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 2 наурыздағы № 59 бұйрығы
(2025.28.02. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 466 бұйрығының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Стратегия департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министрдің міндетін атқарушы | Е. Оспан |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
2023 жылғы «___» ________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
2023 жылғы «___» ________
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.12.05. № 130 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2025.28.02. № 34 бұйрығымен (бұр.ред.қара) жоспары жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушының
2023 жылғы 2 наурыздағы
№ 59 бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің
2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары
1-бөлім. Пайымы
Адамзаттың жаһандық проблемаларын шешудің ең тиімді құралы мен тетігі қазіргі адамды трансформациялық және жасампаз қызметтің субъектісі ретінде дамытуға бағытталған білім беру болуы керек.
2-бөлім. Бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар, міндеттер, нәтиже көрсеткіштері және ресурстар