«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ Заңы (2026.18.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

5) цифрлық шот иесінің талабы бойынша цифрлық шот шартында көзделген тəртіппен жəне мерзімдерде клиенттің цифрлық шоттағы цифрлық теңгесінің сомасы жəне жүргізілген операциялар туралы ақпарат беру;

6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекіткен цифрлық теңгені шығару, айналысқа жіберу жəне өтеу қағидаларында жəне (немесе) цифрлық шот шартында көзделген клиентке өзге де қызмет көрсетуді жүзеге асыру.

Цифрлық теңгенi пайдалана отырып жасалатын төлемдер мен аударымдар цифрлық шоттағы қаражат қалдығы шегінде жүзеге асырылады.

Жинақ цифрлық шоттарды ашуға жол берілмейді.

3. Цифрлық теңге платформасына қатысушы мен цифрлық шот иесі арасындағы шартта мыналар:

1) цифрлық теңгені пайдалану, сатып алу, цифрлық шоттың цифрлық теңгесімен толықтыру жəне цифрлық шоттан цифрлық теңгені шығарып алу шарттары туралы;

2) цифрлық теңге пайдаланыла отырып жасалатын операцияларға қызмет көрсету кезінде комиссиялық сыйақы алудың мөлшері мен тəртібі туралы;

3) клиенттің цифрлық шотына қызмет көрсететін цифрлық теңге платформасына қатысушымен байланысуға арналған ақпаратты қоса алғанда, наразылықтар білдіру тəсілдері мен оларды қарау тəртібі туралы;

4) тараптардың өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылығы туралы ақпарат қамтылуға тиіс.

Цифрлық теңге платформасына қатысушы клиенттің цифрлық шотына қызмет көрсету үшін қажетті қосымша шарттар көздеуі мүмкін.

4. Цифрлық теңге платформасына қатысушының цифрлық шот иесімен жасалған шартта белгіленген мөлшерлер шеңберінде цифрлық шот иелерінің операцияларына қызмет көрсеткені үшін комиссиялық сыйақы алуына жол беріледі.

Цифрлық теңге платформасына қатысушылардың цифрлық шот иелерінің операцияларына қызмет көрсеткені үшін комиссиялық сыйақысының түрлері мен шекті мөлшерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен цифрлық теңгені шығару, айналысқа жіберу жəне өтеу қағидаларында белгіленеді.

5. Цифрлық теңге платформасына қатысушы цифрлық шот шартының талаптарына сəйкес цифрлық шотқа санкцияланбаған қол жеткізудің немесе цифрлық теңге платформасына қатысушының ақпараттық ресурсы (жүйесі) арқылы цифрлық шотқа қол жеткізу арқылы оны санкцияланбаған пайдаланудың, сондай-ақ цифрлық теңге платформасына қатысушының бағдарламалық қамтылымының жұмыс істеуіндегі қателердің немесе іркілістердің салдарынан цифрлық шоттың иесіне келтірілген залал үшін цифрлық шот иесінің алдында жауапты болады.

6. Цифрлық теңге платформасына қатысушы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сəйкес алаяқтықты жəне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды), терроризмді қаржыландыруды жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруды анықтау, сондай-ақ оларды болғызбау жөніндегі шараларды қабылдайды.

Цифрлық теңге платформасына қатысушы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сəйкес қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мəліметтер мен ақпаратты қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті органға береді.

7. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде өзгеше көзделмесе, цифрлық шоттарға қатысты клиенттің келісімінсіз ақшаны алып қою, қаражатқа билік етуге тыйым салу мен шектеулер бөлігінде осы Заңның жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының банктік шоттарға қатысты қолданыстағы ережелері қолданылады.

Цифрлық шотты жабу осы Заңның 28-бабының талаптарына сəйкес жүзеге асырылады.

8. Цифрлық теңге платформасына қатысушы цифрлық теңгенің иелері мен оларға тиесілі сомалар туралы, сондай-ақ цифрлық теңге пайдаланыла отырып жасалған операциялар туралы мəліметтерді тұлғаларға «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабында көзделген негіздер бойынша жəне шектерде ұсынады.

 

 

41-2-бап. Цифрлық теңгені айналысқа жіберуді ұйымдастыру

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі цифрлық теңгені айналысқа жіберуді ұйымдастыру мақсатында цифрлық теңге платформасына қатысушыларға цифрлық шоттар ашады, цифрлық теңгені шығару, айналысқа жіберу жəне өтеу қағидаларын белгілейді, олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады жəне цифрлық шоттарды ашу жəне оларға қызмет көрсету жөніндегі функцияларды қоса алғанда, цифрлық теңге платформасының операциялық жəне технологиялық функцияларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заңды тұлғасына жүктеуге құқылы.

Цифрлық теңгені есепке алу жəне сақтау қаражатқа билік етуге мүмкіндік беретін сыртқы электрондық жеткізгіштерде де жүзеге асырылуы мүмкін.

2. Цифрлық теңге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекіткен цифрлық теңгенi шығару, айналысқа жіберу жəне өтеу қағидаларында айқындалған тəртіппен халықаралық төлемдер мен ақша аударымдарында пайдаланылуы мүмкін.

3. Цифрлық теңгені шығару, айналысқа жіберу жəне өтеу қағидаларында:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің цифрлық теңгені шығару мен өтеуді жүзеге асыруының тəртібі мен шарттары;

2) цифрлық теңге платформасына қатысушылар мен цифрлық шоттардың иелеріне қойылатын талаптар;

3) цифрлық теңге платформасына қатысушының цифрлық шоттарға қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруын тоқтату шарттары;

4) цифрлық шотқа қолжетімділік беру, цифрлық шотқа қолжетімділікті тоқтата тұру, қайта бастау жəне тоқтату тəртібі;

5) цифрлық теңгені есепке алу, сақтау жəне оған билік ету құралы ретінде сыртқы электрондық жеткізгіштерді пайдалану шарттары мен тəртібі;

6) цифрлық теңгемен жасалатын операциялардың түрлері жəне оларды жасау тəртібі;

7) цифрлық теңгені таңбалаудың жəне цифрлық теңгені пайдалану кезінде цифрлық теңгенің смарт-келісімшарттарын қолданудың, сондай-ақ оларды алудың тəртібі мен шарттары;

8) таңбаланған цифрлық теңге мен цифрлық теңгенің смарт-келісімшарттарын пайдалану жəне олардың қолданылу ерекшеліктері;

9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің цифрлық теңге платформасының тəуекелдерін жəне үздіксіз жұмыс істеуін басқару тəртібі;

10) цифрлық теңге платформасы мен цифрлық теңге платформасына қатысушылардың ақпараттық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар;

11) цифрлық теңгені айналысқа жіберуді ұйымдастыру жəне қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де талаптар мен ережелер қамтылуға тиіс.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі цифрлық теңгемен операциялар жасау кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, цифрлық теңге платформасына қатысушылардың жəне цифрлық шоттар иелерінің өзара іс-қимыл жасауы үшін пайдаланылатын электрондық хабарлардың тізбесін, форматтарын, оларды қалыптастыру тəртібін жəне деректемелерін айқындайды.

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі цифрлық теңге платформасының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

 

41-3-бап. Цифрлық теңгені шығару, өтеу, толықтыру жəне цифрлық шоттан шығарып алу

1. Тек Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ғана цифрлық теңгенi шығаруға жəне өтеуге құқылы.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi цифрлық шот иесінен алынған ақшаның орнына цифрлық теңге шығаруды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі цифрлық теңгенi өтеудi цифрлық шот иесінің банктік шотына баламалы ақша сомасын аудару арқылы жүргізеді.

3. Цифрлық теңге иесінің құқықтары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекіткен цифрлық теңгені шығару, айналысқа жіберу жəне өтеу қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, цифрлық шотқа цифрлық теңге түскен кезден бастап туындайды.

4. Цифрлық шоттың иесі оның цифрлық шотына қызмет көрсететін цифрлық теңге платформасына қатысушы арқылы цифрлық шотты цифрлық теңгемен толықтыруға немесе цифрлық теңгені цифрлық шоттан шығарып алуға құқылы.

Цифрлық шотқа қызмет көрсететін цифрлық теңге платформасына қатысушы арқылы цифрлық шотты цифрлық теңгемен толықтыру жəне оны цифрлық шоттан шығарып алудың тəртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекіткен цифрлық теңгені шығару, айналысқа жіберу жəне өтеу қағидаларында айқындалады.

 

41-4-бап. Цифрлық шотқа қызмет көрсететін цифрлық теңге платформасына қатысушыны ауыстыру

Цифрлық теңге платформасын пайдаланушы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне немесе цифрлық теңге платформасының операциялық жəне технологиялық функциялары жүктелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заңды тұлғасына цифрлық шотына қызмет көрсететін цифрлық теңге платформасына қатысушыны ауыстыру туралы өтініш жіберу арқылы өзінің цифрлық шотына қызмет көрсететін цифрлық теңге платформасына қатысушыны ауыстыруға құқылы.

Цифрлық шотқа қызмет көрсететін цифрлық теңге платформасына қатысушыны ауыстыруды жүргізудің тəртібі мен шарттары жəне өтініштің үлгілік нысаны цифрлық теңгені шығару, айналысқа жіберу жəне өтеу қағидаларында белгіленеді.

 

 

8-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚША

 

42-бап. Электрондық ақша эмитенттері, иелері және электрондық ақша жүйесінің операторы

1. Электрондық ақша эмитенттері Қазақстан Республикасының аумағында шығаратын электрондық ақша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ғана номиналдануға (көрсетілуге) тиіс.

2. Электрондық ақшаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер және Ұлттық пошта операторы шығаруға құқылы.

3. Мыналар:

2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) жеке тұлғалар;

2) агенттер;

2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар электрондық ақша иелері болып табылуы мүмкін.

4. Электрондық ақша иесінің құқықтары электрондық ақшаны алған кезден бастап туындайды.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Жеке тұлға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшерінен асатын сомада электрондық ақшаны иемденген жағдайда, электрондық ақша эмитенті оны сәйкестендіруді жүзеге асыруға міндетті.

Электрондық ақша эмитенті шарт негізінде «Қылмыстық жолмен алынған кiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға электрондық ақша эмитентінің атынан және тапсырмасы бойынша электрондық ақша иесі - жеке тұлғаны сәйкестендіруді жүзеге асыруға уәкілеттік беруге құқылы.

Электрондық ақша иесін сәйкестендіруді электрондық ақша эмитенті және (немесе) электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақша иесінің өзі қатысқан және жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде не банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операциялық орталығынан қолжетімді дереккөздерден алынған мәліметтер негізінде қашықтан сәйкестендіру арқылы жүргізеді.

6. Электрондық ақша эмитентінің өзі немесе банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе төлем ұйымы электрондық ақша эмитентімен (эмитенттерімен) жасалған тиісті шарттың негізінде электрондық ақша жүйесінің операторлары болып табылуы мүмкін. Электрондық ақша эмитенті мен электрондық ақша жүйесінің операторы (егер ол электрондық ақша эмитенті болып табылмаса) арасындағы қатынастар осы Заңмен және олардың арасында жасалған шартпен реттеледі.

2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 6-1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6-1. Мемлекеттік бюджет қаражаты және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен электрондық ақша түрінде аударылатын жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызу, есепке алу мен пайдалану, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмекті мониторингтеу тәртібі мен ерекшеліктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша айқындайды.

Мемлекеттік бюджет қаражаты және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті есепке жатқызуға арналған электрондық әмияндардағы электрондық ақшаға өндіріп алуды қолдануға, тыйым салуға, шығыс операцияларын тоқтата тұруға, мүлікке билік етуді уақытша шектеуге, мәмілелер мен өзге де операцияларды жасауды шектеуге жол берілмейді.

7. Электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақша эмитентімен (эмитенттерімен) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес және өзіне электрондық ақша эмитенті (эмитенттері) берген өкілеттіктердің негізінде оның (олардың) атынан жеке тұлғалармен, агенттермен, дара кәсіпкерлермен және электрондық ақша жүйесіне қатысатын заңды тұлғалармен шарттар жасасуға құқылы. Бұл жағдайда электрондық ақша иесі электрондық ақша жүйесінің операторымен жасасқан шарт осы шарт жасалған күннен кейін электрондық ақша жүйесіне қатысушылар болған электрондық ақша эмитентін (эмитенттерін) қоса алғанда, бір жүйенің шеңберінде өзі (өздері) шығарған электрондық ақшаны пайдалану кезінде электрондық ақша эмитентімен (эмитенттерімен) жасалған шартқа теңестіріледі.

2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану жəне өтеу тəртібін, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне жəне электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды айқындайды.

2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді

9. Электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақша жүйесінің жұмыс істеуін осы Заңда, Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінде жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген талаптарды және шектеулерді ескере отырып қамтамасыз етуге міндетті.

Электрондық ақша эмитенті және электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу туралы шарттың талаптарына сәйкес электрондық ақша иесінің алдында электрондық ақшаға рұқсатсыз қол жеткізу немесе оларды рұқсатсыз пайдалану, сондай-ақ электрондық ақша эмитентін бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысындағы не электрондық ақша жүйесінің жұмыс істеуіндегі қателер немесе іркілістер салдарынан электрондық ақша иесіне келтірілген залал үшін жауаптылықта болады.

Электрондық ақша эмитенті - банк лицензиясының және (немесе) лицензиясы қосымшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе одан айырылған күннен бастап электрондық ақша жүйесінің операторы осы эмитент шығарған электрондық ақша бойынша операцияларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен тоқтатады.

 

43-бап. Электрондық ақшаны шығару және өткізу

2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.12. № 246-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Электрондық ақша эмитенті жеке тұлғалардан немесе агенттерден растауды ұсына отырып, электрондық ақша шығарғаны үшін комиссиялық сыйақыны шегере отырып, өзіне қабылдайтын міндеттемелердің номиналды құнына тең сомада ақша алғаннан кейін электрондық ақша шығаруды жүзеге асырады.

Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жұмыс істейтін бірыңғай есепке алу жүйесінің электрондық ақша жүйесінде электрондық ақшаны шығаруды электрондық ақша эмитенті мынадай жағдайларда:

растама беріле отырып, электрондық ақша шығарғаны үшін комиссиялық сыйақыны шегергенде өзіне қабылдайтын міндеттемелердің номиналды құнына тең сомада жеке тұлғалардан немесе агенттерден ақша алғаннан кейін;

операцияны табысты авторландыру жəне оны эмитент банктің жəне жеке тұлғаның төлем карточкасы пайдаланыла отырып жүзеге асырылған төлем жүйесінің электрондық ақша шығарғаны үшін комиссиялық сыйақыны шегергенде өзіне қабылданатын міндеттемелердің номиналды құнына тең сомада бəс тігуге қатысуға ақы төлеу бойынша растамасы негізінде жүзеге асырады.

Электрондық ақша эмитенті өзі шығарған электрондық ақшаны олардың Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы номиналды құнына сәйкес өтеу жөніндегі шартсыз және кері қайтарылмайтын ақшалай міндеттемені қабылдайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің электрондық ақша шығаруына қолданылмайды.

2. Электрондық ақша эмитенті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін электрондық ақша шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабардар етеді.

3. Электрондық ақша эмитентінің электрондық ақша шығарған кезде комиссиялық сыйақы, сондай-ақ электрондық ақша эмитенті көрсететін қосымша қызметтер үшін ақы алуы жасалған шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Электрондық ақша эмитенті мен олардың иесі - жеке тұлға арасындағы қатынастар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың арасында жасалған электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу шартымен реттеледі.

5. Электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу шарты жасалғанға дейін электрондық ақша эмитенті немесе электрондық ақша иесі атынан әрекет ететін электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақша жүйесіне қатысуға ниет білдірген жеке тұлғаға:

1) электрондық ақша эмитентінің және электрондық ақша жүйесі операторының атауы мен орналасқан жері, сондай-ақ егер электрондық ақша жүйесінің операторы банк болып табылмаса, оның тіркеу нөмірі туралы;

2) электрондық ақшаны пайдалану шарттары туралы;

3) электрондық ақша эмитентінің және (немесе) электрондық ақша жүйесі операторының электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу кезінде электрондық ақша иесінен алынатын комиссиялық сыйақыны алу мөлшері мен тәртібі туралы;

4) электрондық ақша эмитентімен немесе электрондық ақша жүйесінің операторымен байланысқа арналған ақпаратты қоса алғанда, наразылықтар беру тәсілдері мен оларды қарау тәртібі туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.

6. Осы Заңның 13-бабының 4-тармағында көзделген талаптардан басқа, электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу шартында:

1) электрондық ақшаны шығару (сатып алу) талаптары;

2) электрондық ақшаны пайдалануға белгіленетін шектеулерді қоса алғанда, электрондық ақшаны пайдалана отырып операцияларды жүзеге асыру талаптары;

3) электрондық ақша иесінің электрондық ақшаға және оларды пайдалана отырып операцияларды жүзеге асыруға құқықтарын куәландыру тәртібі;

4) электрондық ақшаны өтеуге ұсыну тәртібі мен тәсілдері және оны өтеу тәртібі;

5) электрондық ақшаны пайдалану кезінде электрондық ақша эмитенті мен олардың иесі арасында ақпарат алмасу тәртібі, оның ішінде электрондық ақша эмитентін электрондық ақшаға қол жеткізуге бақылаудың жоғалғаны немесе оларды рұқсатсыз пайдалану туралы хабардар ету тәртібі мен мерзімдері;

6) тараптардың өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылығы қамтылуға тиіс.

7. Агент тараптардың құқықтары мен міндеттері, электрондық ақшаны өткізу және сатып алу тәртібі мен талаптары айқындалатын, электрондық ақша эмитентімен немесе электрондық ақша жүйесінің операторымен жасалған шарттың негізінде жеке тұлғаларға электрондық ақшаны өткізуді не жеке тұлғалардан электрондық ақшаны сатып алуды жүзеге асырады.

 

44-бап. Электрондық ақшаны пайдалану және өтеу

2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Электрондық ақшаны оның иесі азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша төлемдерді жүзеге асыру, сондай-ақ электрондық ақша жүйесі қағидаларында айқындалған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шарттарда өзге де операцияларды жүргізу мақсатында пайдаланады.

2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Электрондық ақша пайдаланылатын төлемдер мен өзге де операцияларды олардың иесі электрондық ақшаның сәйкестендірілген иесінің пайдасына жүзеге асырады.

Иесі сәйкестендірілмеген жеке тұлға болып табылатын электрондық ақша электрондық ақша эмитентінің өтеуіне және агентке өткізуіне (агенттің сатып алуына) жатпайды.

2. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді жасау кезінде дара кәсіпкердің және (немесе) заңды тұлғаның электрондық ақшаны төлемақы ретінде қабылдауы электрондық ақша эмитентімен не электрондық ақша жүйесіне қатысушы болып табылатын өзге де банкпен жасалған шарттың негізінде жүзеге асырылады. Азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау кезінде электрондық ақша жүйесінде электрондық ақшаны алған дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қабылданған төлем сомасында электрондық ақша эмитентіне ақшаны талап ету құқығы туындайды.

3. Электрондық ақша эмитенті және электрондық ақша жүйесінің операторы «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес алаяқтықты және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды), терроризмді қаржыландыруды және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруды анықтау, сондай-ақ болғызбау мақсатында электрондық ақша жүйесінде ұйымдастырушылық пен рәсімдік іс-шараларды қамтамасыз ету және енгізу жөнінде шаралар қабылдайды.

Электрондық ақша жүйесінің операторы «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсынады. Электрондық ақша эмитенті қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға банк болып табылмайтын электрондық ақша операторлары туралы мәліметтерді олармен тиісті шарт жасасқаннан кейін береді.

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Электрондық ақшаны сəйкестендірілмеген иеленуші жеке тұлға жасайтын бір операцияның ең жоғары сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауға тиіс.

2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Электрондық ақшаны сəйкестендірілмеген иеленуші жеке тұлғаның бір электрондық құрылғысында сақталатын электрондық ақшаның ең жоғары сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшеріне тең сомадан аспайды.

2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды; 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 5-1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)