«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ Заңы (2026.21.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

5) банктік шоттан ақшаны өндіріп алу туралы талап мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтелуін жəне мемлекеттік бюджеттен жəне (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті, тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін, нысаналы активтерді, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайға ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттағы ақшаны, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаны, тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі тұрғын үй кұрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны, берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны, жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотындағы ақшаны, инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаны, номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын осы тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаны, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған банктік шоттардағы ақшаны, әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаны, ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған операциялық, технологиялық жəне өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заңды тұлғасы болатын төлем жүйелерінде есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз етуге арналған орталық депозитарийдегі жəне (немесе) клирингтік ұйымдағы банктердің ақшасын жəне (немесе) бағалы қағаздарын, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдерінің негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақтар түрінде екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаны есепке жатқызуға арналған банктік шотқа, сондай-ақ «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шотқа қойылған жағдайларда;

2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды; 2026.24.06. № 325-VIII ҚР Заңымен 5-1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5-1) алименттерді (кəмелетке толмаған балаларды жəне еңбекке жарамсыз адамдарды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шотқа қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабы жəне (немесе) инкассолық өкім ұсынылған жағдайларда;

2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

5-2) өзіне қатысты «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен банкроттық туралы іс қозғалған немесе өзіне қатысты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған борышкердің банктік шотына банктік шоттан ақша өндіріп алу туралы талап қойылған жағдайларда;

6) рұқсат етілмеген төлем анықталған кезде, сондай-ақ бенефициардың пайдасына аударылатын ақшаның құқыққа сыйымсыз алынғандығы негізделген фактілер анықталған және расталған жағдайларда;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдері және (немесе) өкімдері, мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою, клиенттің банктік шотындағы ақшаға тыйым салу туралы ақшамен қамтамасыз етілмеген актілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірінші кезекте орындалуға жататын нұсқаулар болған кезде;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

8) банктердің «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы банктермен корреспонденттік қатынастар орнатуын реттейтін нормативтік құқықтық актінің талаптарына нұсқау сәйкес келмеген кезде жүргізіледі.

Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның нұсқауды осы тармақтың бірінше бөлігінің 1) және 7) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша орындаудан бас тартуы инкассалық өкімдерге, сондай-ақ сақталуы ақша жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы шартта көзделген төлем құжаттарына қолданылмайды.

8. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның алынған нұсқаудың:

1) егер банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бенефициарға қызмет көрсетпеген жағдайда, нұсқауды келесі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға беру;

2) егер ақша жөнелтушінің банкі бенефициардың банкі болып табылса, ақша аударымын аяқтау;

3) егер банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ақша жөнелтушіге қызмет көрсеткен жағдайда, қолма-қол ақшаны төлеу туралы бұйрықты көрсеткен бастамашыға қолма-қол ақшаны беру талаптарын орындауы нұсқауды орындау болып табылады.

9. Бенефициардың банкi өзі орындайтын осындай нұсқауда белгіленген ақша сомасын орындалу мерзімі бенефициардың банкіне нұсқау келіп түскен кезде басталған, бенефициардың үшінші тұлғаның немесе осы банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның алдындағы міндеттемесі сомасының орнына үшiншi тұлғаның пайдасына немесе өз пайдасына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген, банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан ақшаны алудың кезектiлiгiн сақтауды ескере отырып есепке жатқызуға құқылы.

 

47-бап 2017 ж. 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді

47-бап. Нұсқауды көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде беруші арқылы орындау

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген, төлем қызметтерін бөгде беруші көрсететін төлем қызметі клиенттің ашық банкинг жүйесі арқылы берген және сәйкестендіру құралы арқылы расталған келісімінің негізінде жүзеге асырылады.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Ашық банкинг жүйесі клиенттің келісімі негізінде көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушілердің электрондық банктік қызметтерді көрсетуге ашық банкинг жүйесіне қатысушы клиенттердің келісімдерін жинауды, сақтауды жəне өңдеуді, ашық банкинг жүйесіне қатысушы клиенттерді сəйкестендіруді, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерді авторландыруды жəне авторландырылған көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерді тізілімін жүргізуді, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер, оның ішінде көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушілер арасында ақпарат алмасуды жүзеге асырады.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Клиенттің банктік шотына қызмет көрсететін көрсетілетін төлем қызметтерін беруші ашық банкинг жүйесі арқылы клиенттің нұсқауын алғаннан кейін көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушіге және (немесе) клиентке төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыруға растауды тез арада жібереді.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Клиенттің банктік шотына қызмет көрсететін көрсетілетін төлем қызметтерін беруші клиенттің ашық банкинг жүйесі арқылы келіп түскен нұсқауларын рұқсат етілмеген төлемдерден қорғау әрекеттерінің тәртібін сақтай отырып, осы Заңның 46 - 49-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындайды.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушілердің электрондық банктік қызметтерді көрсетуі электрондық банктік қызметтер көрсетуді реттейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сəйкес ашық банкинг жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

5. Көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде беруші клиенттің және банктік шотқа қызмет көрсететін көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің алдында өзінің қашықтан қол жеткізу жүйесінде жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша рұқсат етілмеген төлемдердің және (немесе) алаяқтық әрекеттердің жүзеге асырылу салдарлары үшін жауаптылықта болады.

 

48-бап 2017 ж. 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді

48-бап. Нұсқауларды орындау мерзімдері

1. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым нұсқауды жөнелтуші бастама жасаған күні орындауды қамтамасыз етеді.

2. Осы Заңның 53-бабының 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, бенефициардың банктік шотына немесе бенефициардың пайдасына ақша қабылданғанын көрсететін өзге де шотқа ақшаны есепке жатқызу жөніндегі нұсқауды орындауды бенефициардың банкі нұсқауды алған күнгі операциялық күннің ішінде жүзеге асырады.

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының нормалары:

1) инкассолық өкім арқылы берілген;

2) белгіленбеген мерзімдерде орындалуға жататын;

3) валюталаудың алдағы күні көрсетілген;

4) негізге алынып халықаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы мәмілелер бойынша есеп айырысулар жүзеге асырылатын;

5) тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді жеке сауда орнынан сатып алу үшін электрондық төлем құралдарын пайдаланған кезде немесе электрондық сауданы жүзеге асырған кезде клиенттің келісімі түрінде берілген;

6) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабы арқылы ұсынылған;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылсын (2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

8) цифрлық теңгені беру (аудару) түрінде көрсетілген нұсқауларды орындауға қолданылмайды.

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Бас тарту көрсетілген төлем құжаттарын орындау үшін көзделген мерзімде жасалатын қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабы, сондай-ақ инкассалық өкім арқылы ұсынылған нұсқауларды қоспағанда, нұсқауды орындаудан бас тартуды ақша жөнелтушінің банкі бас тарту себептерін көрсете отырып, нұсқауды алған күнгі операциялық күннің ішінде жасайды.

 

49-бап. Валюталау күні көрсетілген нұсқауды орындау

1. Төлем құжатында көрсетілген валюталау күні төлем құжатының үзінді көшірмесі жасалған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспауға тиіс.

2. Валюталау күні көрсетілген нұсқауды орындау кезінде ақша жөнелтушінің ақшасы ақша жөнелтуші банкінің ішкі баланстық шотына (транзиттік шотына) аударылады.

3. Ақша жөнелтушінің ақшасын ақша жөнелтуші банкінің арнайы транзиттік шотына аудару клиенттің нұсқауын орындау үшін осы Заңда белгіленген мерзімдерде, бірақ осы баптың 4 және 5-тармақтарында айқындалған мерзімдерден кешіктірілмей жүзеге асырылады.

4. Ақша жөнелтуші банкінің арнайы транзиттік шотынан ақша аударуды ақша жөнелтушінің банкі осы баптың 5-тармағында айқындалған тәртіппен бенефициар банкінің ақшаны бенефициардың банктік шотына есепке жатқызуына мүмкіндік беретін уақытты ескере отырып, төлем құжатында көрсетілген валюталау күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

5. Бенефициардың банкі ақшаны бенефициардың банктік шотына валюталау күнімен айқындалған операциялық күн ішінде есепке жатқызады.

Егер валюталау күні жұмыс істемейтін күнге сәйкес келсе, онда бенефициардың банкі ақшаны валюталау күні деп айқындалған күннен кейінгі бірінші жұмыс күні бенефициардың банктік шотына есепке жатқызады.

6. Төлем құжатында көрсетілген валюталау күніне сәйкес келмейтін операциялық күні ақша бенефициардың банктік шотына есепке жатқызылған кезде валюталау күні көрсетілген нұсқау шарттарын бұзған банк банктік шот шартында айқындалған тәртіппен жауаптылықта болады.

 

50-бап. Нұсқауды кері қайтару және орындауды тоқтата тұру

2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 325-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Нұсқауды кері қайтару және нұсқауды орындауды тоқтата тұру бастамашы ақша жөнелтушінің банкіне жіберген тиісті өкімінің негізінде оны орындағанға дейін және (немесе) ақша жөнелтушінің банкі бенефициарға төлемді оның пайдасына қабылдау туралы ақпаратты жібергенге дейін жүзеге асырылады. Кері қайтару туралы өкімді орындау мерзімі, сондай-ақ оны беру тәсілі шартта және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

Аумақтық əділет органының немесе лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған немесе Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының мүшелігінен шығарылған жеке сот орындаушысының инкассолық өкімін кері қайтарып алуды «Атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушыларының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тəртіппен аумақтық əділет органы немесе атқарушылық іс жүргізу берілген жеке сот орындаушысы жүзеге асырады.

2. Нұсқауды кері қайтару немесе нұсқауды орындауды тоқтата тұру туралы өкімді электрондық тәсілмен жіберу кезінде осы өкімдердің бастамашысы мен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы шартта белгіленген қорғау әрекеттерінің тәртібі сақталады.

3. Нұсқауды кері қайтару туралы өкім уақтылы алынған кезде ақша жөнелтушінің банкі осы нұсқау бойынша ақша аударуды жүзеге асырмайды және оны осындай өкімді алған күннен кейінгі операциялық күннен кешіктірмей, бір мезгілде бастамашыға алынған өкімнің орындалғаны туралы хабарлама жібере отырып қайтарады.

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Нұсқауды орындау Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 92-бабының 6-тармағында жəне 102-бабында, Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ егер ақша жөнелтушінің банкіне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік шоттағы ақшаға тыйым салу, мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы акт, ақша жөнелтушінің банктік шотында немесе ақша жөнелтушінің банкінде шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкiлеттi мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның шешiмi және (немесе) өкімі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы нұсқаудан бұрын орындалуға жататын, ақша жөнелтушiнің ақшасын алып қою туралы уәкiлеттi мемлекеттік органның, лауазымды адамның немесе сот орындаушысының шешiмi берілсе, тоқтатыла тұрады. Ақша жөнелтушінің банкі жоғарыда көрсетілген негiздер бойынша нұсқауды орындауды тоқтата тұруға байланысты залалдар үшiн жауаптылықта болмайды.

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Осы Заңның 25-бабының 10-тармағына сәйкес «цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы банктер мемлекеттік органдарға, соттарға мәліметтер мен ақпарат берген төлемдерді бюджетке төлеуге және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге байланысты төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша нұсқауды кері қайтарып алуға және нұсқаудың орындалуын тоқтата тұруға жол берілмейді.

6. Төлемді жүзеге асыруға, нұсқауды беруге және орындауға, банктің бенефициарға ақшаны беруіне немесе бенефициардың ақшаны алуына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзіне уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар тыйым салуы және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша ғана тыйым салынуы мүмкін.

 

51-бап. Ақша жөнелтушінің тұрақты өкімін орындау

1. Ақша жөнелтушімен ақша жөнелтушінің банкі арасында айқындалған шарттарда ақша жөнелтушінің тұрақты өкімін ақша жөнелтуші белгіленген күні және (немесе) кезеңде бенефициардың пайдасына тұрақты төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін пайдаланады.

2. Ақша жөнелтушінің тұрақты өкімінің нысанын және мазмұнына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.

3. Ақша жөнелтушінің тұрақты өкімі ақша жөнелтушінің банкі айқындаған тәртіппен қағаз жеткізгіште не электрондық нысанда ресімделуі мүмкін.

Ақша жөнелтушінің тұрақты өкімі қолданысының күшін жою үшін ақша жөнелтушінің банкі айқындаған тәртіппен ресімделген тиісті хабарлама ақша жөнелтушінің банкіне жіберіледі.

4. Ақша жөнелтушінің тұрақты өкімінде ақша жөнелтуші ақысын төлеуді ақша жөнелтушінің банкіне тапсыратын ақша жөнелтушінің ақшалай міндеттемесін растайтын бенефициар құжаттарының (растайтын құжаттар) атауы көрсетілуі мүмкін.

5. Ақша жөнелтушінің тұрақты өкімінің шарттарына сәйкес немесе ақша жөнелтушінің банкі растайтын құжаттарды алған кезде ақша жөнелтушінің банкі бенефициардың пайдасына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен ақша жөнелтушінің атынан төлем тапсырмасын қалыптастырады.

 

52-бап. Нұсқауды банктік шотты тікелей дебеттеу арқылы орындау

1. Ақша жөнелтушінің банктік шотын тiкелей дебеттеу:

1) ақша жөнелтушi мен ақша жөнелтушінің банкi арасында жасалған және ақша жөнелтушінің ақшалай міндеттемелерін орындау мақсатында берілген талаптарды орындау үшін негіз болып табылатын шартқа;

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) ақша жөнелтушi мен банк, ипотекалық ұйым немесе агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйым арасында жасалған, қарыз (қарыз шарты, кредиттік желіні ашу туралы келісім немесе қарыз операциясы не кепілдік беру фактісін растайтын өзге де құжат) бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін негіз болып табылатын шартқа, оның ішінде талап ету құқықтары екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға берілген банктік қарыз шартына сәйкес қойылатын төлем талабын не төлем ордерін пайдалана отырып, ақша жөнелтушінің банктік шотынан ақшаны есептен шығаруға берген оның алдын ала келісімі негізінде жүзеге асырылады.

2. Ақша жөнелтушi мен ақша жөнелтушінің банкi арасындағы шартта бенефициардың төлем құжаттарын орындауға ақша жөнелтушінің алдын ала келісімі көзделеді және бенефициардың (атауы, сәйкестендіру нөмірі) және шарттың (нөмірі, күні) деректемелері көрсетіледі, осыған сәйкес ақша жөнелтушінің банктік шотын тікелей дебеттеу арқылы төлемді жүзеге асыру үшін бенефициар төлем талабын пайдаланады.

Ақша жөнелтушінің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шарттарды көрсете отырып, ақша жөнелтушінің банкіне өтініш беруіне жол беріледі.

3. Қарыз шартында, кредиттікжеліні ашу туралы келісімде немесе қарыз операциясы не кепілдік беру фактісін растайтын өзге де құжатта ақша жөнелтушінің қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу туралы талап қойылған кезде өзінің банктік шотынан ақшаны алып қоюға келісімі қамтылуға тиіс.

4. Қарыз бойынша берешекті өндіріп алуға арналған төлем талабын қоюды қоспағанда, ақша жөнелтушінің ақшалай міндеттемесін растайтын бенефициардың құжаттары, егер осындай талап олардың арасындағы шартта көзделсе, төлем талабын қойған күннің алдындағы операциялық күннен кешіктірілмей ақша жөнелтушіге жіберіледі.

5. Ақша жөнелтушінің банктік шотын тікелей дебеттеу арқылы төлемді жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

6. Төлем талабының немесе төлем ордерінің негізінде банктік шотты тікелей дебеттеу арқылы ақша жөнелтушінің банктік шотынан ақша алып қоюдың негізділігі үшін бенефициар жауапты болады.

 

53-бап. Нұсқауды орындау үшін ақша жөнелтушінің қажетті ақша сомасы болмаған немесе жеткіліксіз болған кезде нұсқауды орындау

1. Қазақстан Республикасының заңнамасында не ақша жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы шартта сақталуы көзделген нұсқауды орындау үшін ақша жөнелтушінің қажетті ақша сомасы болмаған не жеткіліксіз болған кезде ақша жөнелтушінің банкі алынған нұсқауларды қабылдауға және бір жыл бойы сақтауға міндетті.

2. Бенефициар Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсынужөніндегі әрекеттерді жасамаған кезде бенефициардың банкі жөнелтушіден алынған нұсқауларды қабылдауға және күнтізбелік бір жүз сексен күн бойы сақтауға міндетті.

Бенефициар осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді орындамаған жағдайда, бенефициардың банкі күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде мұндай нұсқауларды жөнелтушісіне орындамай қайтаруға міндетті.