Мемлекеттік органдарды жобалық басқарудың үлгілік регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 57 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бұйрығымен күші жойылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдарды жобалық басқарудың үлгілік регламенті бекітілсін.
2. Жобалық басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.