«Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде радиоалмасу фразеологиясының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 қазандағы № 454 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 7 ақпандағы № 53 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде радиоалмасу фразеологиясының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 қазандағы № 454 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6635 болып тіркелген, 2013 жылғы 24 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінің № 197 (28136) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде радиоалмасу фразеологиясының қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. ӘҚҚ маршруттарында, әуеайлақ аудандарында әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі - ӘҚҚ) мақсаттары үшін міндетті хабарлау пункттері (бұдан әрі - МХП), бақылау нүктелері немесе ӘҚҚ тарату шептері белгіленді:
1) ӘҚҚ органдарының жауапкершілік аудандары (аймақтары) арасындағы шекараларда;
2) ӘК ұшу бағытын өзгерту, ӘҚҚ маршруттарының қиылысу, ӘҚҚ маршрутына кіру (шығу) нүктелерінде;
3) көзбен шолып немесе борттық радиолокаторлардың көмегімен танылатын сипаттамалық бағдарларда;
4) биіктікті алу немесе төмендеу (эшелондарды ауыстыру) басталатын нүктелерде, белгіленген ұшу режимдері бар аймақтарда (аудандарда);
5) биіктікті алу, төмендеу және қонуға кіру схемаларының, күту аймақтарының сипаттамалық нүктелерінде.»;
6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) нақты ӘК қатысты әуеайлақ, әуе трассалары бойынша, ұшу маршруттарында және авиациялық жұмыстар аудандарында бар шектеулер туралы;»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: