«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2023 жылғы 13 қарашадағы № 87 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 292/22 шешiмi

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2023 жылғы 13 қарашадағы № 87 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 292/22 шешiмi

 

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 0Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 13 қарашадағы № 87 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімнде № 7625-15 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

8-тармақтың 4) және 8) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

«4) 9 мамыр - Жеңіс күні:

Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі - КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне - 382 (үш жүз сексен екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 2025 жылғы 9 мамырды қоспағанда, 2025 жылғы 9 мамырға Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге байланысты 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.