«Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеудің және аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 605 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 170 бұйрығы (күші жойылды)

«Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеудің және аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 605 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 170 бұйрығы

 

ҚР Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеудің және аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 605 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12588 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеу және аттестаттаудан өткізу қағидаларында:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау тәртібі»;

қағидалардың 4 тармағын мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін аттестаттаудан өтуге жіберу туралы өтініш «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Комиссияға осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тапсырылады.

Өтінішке келесі құжаттар тіркеледі:

1) жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін аттестаттаудан өтуге электронды толтырылған осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тапсырылады;

2) наркологиялық және психиатриялық ұйымдардан үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша, оларды ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалар.»;

қағидалардың 5 тармағын мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.