«Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2016 жылғы 14 шілдедегі № 371 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 604 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10175 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 15) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрыққа 13-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 15-қосымша алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;