«Жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасау және ұсыну нысандары мен қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 538 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 330 бірлескен бұйрығы (күші жойылды)

Жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасау және ұсыну нысандары мен қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 538 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 330 бірлескен бұйрығы

 

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 344 және ҚР Энергетика министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 199 бірлескен бұйрығымен 2018 жылғы 29 маусымнан бастап күші жойылды

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасының нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орта мерзімді бағдарламасының нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ұзақ мерзімді бағдарламасының нысаны;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы есебінің нысаны;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайданалушылардың кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есеп нысаны;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасау және ұсыну қағидасы бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.