Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молайту мен пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 721 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 835 бірлескен бұйрығы
(2018.26.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 19 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Энергетика министрінің 2018.19.11. № 448 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.26.11. № 80 бірлескен бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Энергетика министрінің 2018.19.11. № 448 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.26.11. № 80 бірлескен бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
ҚР Энергетика министрінің 2018.19.11. № 448 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.26.11. № 80 бірлескен бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молайту және пайдалану саласында табиғи ресурстарды пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларға қатысты тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молайту және пайдалану саласында ведомстводан тыс кешенді сараптаманың құрамында жобаларға экологиялық сараптама бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты тексеру парағы;