«Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 21-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы 21 қарашадағы № 19-НҚ нормативтік қаулысы

 «Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 21-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы 21 қарашадағы № 19-НҚ нормативтік қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі - Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 21-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12595 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды ұсыну қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Арнайы мақсаттағы аудит аудиттелетін қаражатты қамтудың жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған, бір жылда пайдаланылған айлық есептік көрсеткіштің кемінде жиырма мың еселенген мөлшері кезінде аудиттелетін субъектінің бастамасы негізінде (ерікті түрде) жүргізіледі.

Квазимемлекеттік сектор субъектілері:

1) бюджеттік кредиттер;

2) қарыздар (мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздар);

3) бюджеттік инвестициялар (заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен мемлекет активтерін құру және (немесе) дамыту);

4) мемлекеттік концессиялық міндеттемелер;

5) байланысты гранттар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.