Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарын тұрмыстық техникамен, құрал-жабдықтармен және мүккәммал мүліктермен жабдықтаудың нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 23 маусымдағы № 52 бұйрығы
(2022.20.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022.20.12. № 98/қе бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 84-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарын тұрмыстық техникамен, құрал-жабдықтармен және мүкәммал мүліктермен жабдықтаудың нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (одан әрі - ҰҚК) Әскери-техникалық қамтамасыз ету департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Тұрмыстық техниканы, құрал-жабдықтарды және мүкәммал мүліктерді сатып алуды тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттен ҰҚК бөлінген қаражаты шегінде кезең-кезеңімен жүзеге асыру белгіленсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Н. Әбіқаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б.Сұлтанов
2015 жылғы «___» _________