«Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 135 «Мемлекеттік сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 11 тамыздағы № 775 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 135 «Мемлекеттік сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 11 тамыздағы № 775 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 135 «Мемлекеттік сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18432 болып тіркелген, бұдан әрі - Үлгілік нысандар) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақта:

40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«40) осы бұйрыққа 40-қосымшаға сәйкес банктік шоттардың нөмірлері және оларда ақшаның бар-жоғы туралы, электрондық әмиян нөмірлері және оларда электрондық ақшаның бар-жоғы туралы ақпаратты, банктердегі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы, электрондық ақша эмитенттері және (немесе) электрондық ақша жүйелері операторларындағы, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы мүліктің сипаты мен құны туралы мәліметтерді талап ету және оларға тыйым салу туралы қаулы;»;

42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«42) осы бұйрыққа 42-қосымшаға сәйкес борышкерге, борышкер болып табылатын заңды тұлға басшысына (оның міндетін атқарушының) іздеу салу туралы қаулы;»;

43) және 44) тармақшалармен мынадай мазмұнда толықтырылсын:

«43) осы бұйрыққа 43-қосымшаға сәйкес Борышкер болып табылатын жеке кәсіпкердің, заңды тұлғаның кірістері, сондай-ақ дебиторлық берешегі туралы мәліметтерді талап ету туралы қаулы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.