«Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 604 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 681 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 604 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10175 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрыққа 13-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;