Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 32/3-VI шешімі
(2021.28.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 15 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2021.28.12. № 15/14-VII шешімімен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2020.28.02. № 53/2-VI шешімімен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 4, 5 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2021.28.12. № 15/14-VII шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
2. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Өскемен қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | М. Миронова |
| Қалалық мәслихат хатшысының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы |
Т. Рахымжанова |
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2018.20.09. № 35/6-VI шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.28.12. № 15/14-VII шешімімен (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда
Өскемен қалалық мәслихатының
2018 жылғы 31 шілдедегі
№ 32/3-VI шешімімен бекітілген