«Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 105 бұйрығы

«Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 105 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы»;

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025 жылғы 1 қаңтардан 31 шілдеге дейін білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі - Пилоттық жоба) енгізілсін.»;

2-тармақтың 1-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«1) Көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы пилоттық жобаны жүргізу алгоритмі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;»;

2-тармақтың 3-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«3) Көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген Өңірлерді мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасына көшу кестесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.».

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.