27. Сыйлықты тапсырған адам сатып алудан жазбаша бас тартқаннан кейін ғана уәкілетті орган сыйлықты үшінші тұлғаларға өткізуге құқылы.
ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 947 Қаулысымен 27-1-тармақпен толықтырылды
27-1. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады.
28. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында көрсетілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) жер учаскелері мемлекеттік жер қорына қосылады.
Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған жер учаскелерін одан әрі пайдалану тәртібі 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексімен реттеледі.
ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 947 Қаулысымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-тарау. Ең төменгі бағамен өткізілмеген мүлікті пайдалану және жою тәртібі
ҚР Үкіметінің 2019.30.12. № 1031 Қаулысымен 29-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
29. Ең төменгі бағамен өткізілмеген мүлікті пайдалану және жою мынадай тәртіппен жүзеге асырылады.
Комиссия белгілеген ең төменгі бағамен сатылмаған, пайдалануға жарамды мүлік балалар үйлеріне, қарттар және мүгедектер үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не болмаса арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін субъектілерге (бұдан әрі - әлеуметтік қызмет субъектілері) өтеусіз беріледі.
Мүлік туралы ақпаратты шешім қабылданған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган Мүлікті есепке алу және өткізу бойынша электрондық дерекқорға бірыңғай қолжетімділік нүктесін беретін www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан интернет-ресурста (бұдан әрі - тізілім веб-порталы) жариялайды.
Мүлікті өтеусіз алуға өтінім тізілім веб-порталында хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде әлеуметтік қызмет субъектілерінен тізілім веб-порталында қабылданады. Мүлікті өтеусіз алу өтініміне әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруды растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелері қоса беріледі.
Мүлікті өтеусіз алуға өтінімді ашу хабарламада көрсетілген өтінімдерді қабылдау аяқталатын күні мен уақыты келген кезде автоматты түрде тізілім веб-порталы арқылы жүргізіледі.
Мүлікті өтеусіз алуға өтінімдерді уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган қарайды. Мүлікті алуға ниетті бірнеше өтінім беруші болған кезде өз өтінімдерін бұрын берген тұлғаларға басымдық беріледі.
Мүлік уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде әлеуметтік қызмет субъектілеріне беріледі.
Мүлікті мемлекет меншігіне ақысыз өткізген кезде уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган әлеуметтік қызмет субъектілері арасында қабылдап алу-беру (тапсыру актісі) актісі үш дана мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылдап алу-беру (тапсыру актісі) актісін ресімдеуге қатысушы тараптардың әрқайсысына бір данадан жасалады.
30. Одан әрі қарай пайдалануға жатпайтын мүлік және талап етілмеген, ең төменгі бағамен сатылмаған мүлік уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімімен жойылады.
Республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді.
Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді.
Мүлікті жою жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2016.07.06. № 338 Қаулысымен 31-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31. Сапасы мен қауiпсiздiгiне нормативтiк құжаттарда қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін азық-түлiк шикiзатын, тамақ өнiмдерiн, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтiн, акциздiк таңбаларсыз өткізілетін темекi бұйымдарын және құрамында шығарылған елі белгісіз темекi бар басқа да бұйымдарды, сондай-ақ тасымалдауға, сақтауға, өткізуге, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мен сертификаттауды жүргiзуге байланысты шығындары өздерінің бағалау құнынан асып түсетiн тауарлардың шамалы партияларын және өзге де мүлiктi Қазақстан Респубикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган құратын комиссия жояды.
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 217-бабына сәйкес қажет болған жағдайларда, комиссияның құрамына санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар мен басқа да мүдделі ұйымдардың өзге де мамандары тартылуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 947 Қаулысымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-тарау. Қорытынды ережелер
32. Мүлікті есепке алуға, бағалауға, сақтауға, тасымалдауға, қайта жіберуге, оны өткізуді ұйымдастыруға және одан әрі пайдалану жөніндегі өзге де шығындарға байланысты шығыстар 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1166 Қаулысымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 947 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 33-тармақ жаңа редакцияда
33. Сот мүліктің мемлекет меншігіне түсуіне негіз болған актінің күшін жойған (тиісті бөлігін өзгерткен) жағдайда уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар мүлікті заттай қайтаруды жүргізеді. Мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізілген жағдайда, оның құнын өтеу 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес оны өткізуден алынған қаражат шегінде тиісті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Залалдар 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 9-бабының 4-тармағына сәйкес өтелуге жатады.
34. Осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша мемлекетке өткен мүлікті заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға беруге тыйым салынады.
35. Уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғаларына осы Қағидалардың ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жауапкершілік жүктеледі.
ҚР Үкіметінің 2016.21.11. № 717 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 1031 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда
Жекелеген негіздер бойынша
мемлекет меншігіне
айналдырылған (түскен) мүлікті
есепке алу, сақтау, бағалау және
одан әрі пайдалану қағидаларына
1-қосымша
нысан
Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру
актісі