«Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2025 жылғы 22 мамырдағы № 8С-21/3 шешімі
Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8696-03 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жылына 1 рет, екі жылда 1 рет) көрсетіледі.»;
11-тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, үш айдан кешіктірмей, 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«12. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың (отбасылардың) келесі санаттарына өтініш бойынша кірістерді есепке алмағанда көрсетіледі:
1) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, бірінші типті қант диабеті) бар адамдарға аурулардың бір түрі бойынша жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) химиопрофилактика кезеңінде туберкулез жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жылына 1 рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) бірінші типті қант диабеті ауруы бар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;