2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Терiске шығару нақ сол тарату, орналастыру құралдарымен және тәсiлдерiмен терiске шығарылатын жөнсiз жарнама сияқты, ұзақтығының, кеңiстiгiнiң, орны мен тәртібінiң нақ сондай сипаттамалары мен өлшемдерi пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
Жөнсіз сыртқы (көрнекі) жарнаманы теріске шығару сыртқы (көрнекі) жарнаманың сол объектісінде сол сипаттамалар мен ұзақтық өлшемдерін пайдалана отырып, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Егер терiске шығару белгіленген мерзiмде жүзеге асырылмаса, онда мемлекеттік бақылау жəне қадағалау органының шешiмi бойынша терiске шығаруды жарнама туралы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына жол берген және белгiленген мерзiмде терiске шығаруды жүзеге асырмаған тұлғаға келтiрiлген шығындарды өтеу туралы керi талап қою (регресс) құқығы бар жарнама таратушылар жүзеге асыруға тиiс.
20-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнаманың мазмұнына қатысты бұзылғаны үшiн, егер ол жарнама жасаушының не жарнама таратушының кiнәсiнен болғаны дәлелденбесе, жарнама берушi жауапты болады.
2. Жарнама жасаушы Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнаманы ресiмдеуге немесе жасауға қатысты бұзылғаны үшiн жауапты болады.
3. Жарнама таратушы Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнама таратудың, орналастырудың уақытына, орнына және тәсiлiне қатысты бұзылғаны үшiн жауапты болады.
4. Осы баптың 1, 2, 3-тармақтарында аталған тұлғалардың жауаптылығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен туындайды.
21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң, 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының