Білім беру статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Төрағасының 2014 жылғы 14 қарашадағы № 48 бұйрығы
(2015.14.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 28 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ұлттық экономика министрінің статистика комитеті төрағасының м.а. 2015.14.07. № 112 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы есеп (коды 1291104, индексі 1-НК, кезеңділігі жылдық)» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы есеп» (коды 1291104, индексі 1-НК, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру туралы есеп» (коды 1301104, индексі 2-НК, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру туралы есеп» (коды 1301104, индексі 2-НК, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес.