«Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 49 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 23 ақпандағы № 109-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 7 наурыздағы № 9 бірлескен бұйрығы
ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 2025 жылғы 18 қарашадағы № 327-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 25 қарашадағы № 124 бірлескен бұйрығымен 2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап күші жойылды
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13417 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағында:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 9-1-жолмен толықтырылсын:
«