«Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі «Білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» № 321 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 02 маусымдағы № 275 Қаулысы (күші жойылды)

Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі «Білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» № 321 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 275 Қаулысы

 

Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 42 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына, «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі бұйрығына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі «Білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» № 321 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 14 тамызында № 3344 тіркелген, 2015 жылдың 15 қыркүйегінде «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінде № 18093 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

2. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары Б. Өнербаевқа жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.