«Еттің жекелеген түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 444 бұйрығы

Еттің жекелеген түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 444 бұйрығы

 

«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер еркін сауда туралы келісімдер жасаспаған не тауарға қатысты еркін сауда режимінен алып қою қолданылатын елдерден шығатын және әкелінген етті Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін 2018 жылға арналған тарифтік квоталар көлемі;

2) тарихи өнiм берушiлер арасында 2018 жылға (1-кезең) арналған тарифтік квоталар көлемін бөлу бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.