«Кредиттік бюро есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 225 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 21 қарашадағы № 99 Қаулысы (күші жойылды)

 «Кредиттік бюро есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 225 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 21 қарашадағы № 99 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 24 қарашадағы № 81 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Кредиттік бюро есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 225 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19682 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Кредиттік бюро есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының екінші бөлігіне және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес кредиттік бюро есептілігінің тізбесі;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес кредиттік тарих дерекқорындағы кредиттік тарихтың саны туралы және ақпарат берушілер бойынша қарыздар беру, қызметтер көрсету және шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны туралы есептің нысаны;

3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес есепті тоқсан ішінде қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есептің нысаны;

4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес кредиттік бюроның есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.