Цифрлық объектілерді аса маңызды объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 221/НҚ бұйрығы
(2026.03.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026.14.07. № 412/НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026.14.07. № 412/НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 33-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 384) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026.14.07. № 412/НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Цифрлық объектілерді аса маңызды объектілерге жатқызу қағидалары;
2) Цифрлық объектілерді аса маңызды объектілерге жатқызу өлшемшарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.