Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы кейбір елді мекендердің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 20 мамырдағы № 1 бірлескен қаулысы және Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 20 мамырдағы № 29/178-VIII шешiмi
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Қазығұрт ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Түркістан облысы Қазығұрт ауданы бойынша келесі елді мекендердің шекаралары өзгертілсін және белгіленсін:
1) Сарапхана ауыл округінің Сарапхана елді мекенінің шекарасына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 27,37 гектар қоса отырып, Сарапхана ауыл округінің Сарапхана елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 396,73 гектар болып белгіленсін;
2) Сарапхана ауыл округінің Талдыбұлақ елді мекенінің шекарасына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 25,0 гектар қоса отырып, Сарапхана ауыл округінің Талдыбұлақ елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 90,96 гектар болып белгіленсін;
3) Сарапхана ауыл округінің Жіңішке елді мекенінің шекарасына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 10,0 гектар қоса отырып, Сарапхана ауыл округінің Жіңішке елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 163,38 гектар болып белгіленсін;
4) Сарапхана ауыл округінің Махамбет елді мекенінің шекарасына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 8,3 гектар қоса отырып, Сарапхана ауыл округінің Махамбет елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 396,73 гектар болып белгіленсін;
5) Қарабау ауылдық округінің Сынтас елді мекенінің шекарасына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 1,41 гектар қоса отырып, Қарабау ауылдық округінің Сынтас елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы ауданы 293,48 гектар болып белгіленсін;