«Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 26 қазандағы № 425 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидалары қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. «Жобалары қоғамдық тыңдауларға шығарылуға жататын шаруашылық қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 10 маусымдағы № 240 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14058 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.